Фонтим резиденті Бек Шмат 19 турдың орталық матчында екі команда да бес қорғаушымен ойнағанына таң қалғанын жеткізді:
"Осы жерде Елдос аға, сұрайыншы... Неге бес қорғаушымен ойнайды екеуі де? Мен Қазақстан тарихында бес қорғаушымен чемпион болған команданы көрген емеспін ешқашанда. Сіздердің кездеріңізде "Қайрат" та, "Астана" да, бәрі төрт қорғаушымен ойнаған. 2023 жылы "Ордабасы" да төрт қорғаушымен ойнап шыққан, Исламхан мен Тағыберген ортада ойнаған кезде. Неге бес қорғаушымен ойнайды осылар?", – деді Бек Шмат.