Подкаст резиденті Олжас Байбосын Англия құрамасының неліктен Англияға допты беріп қойғанына таң қалғанын жеткізді:
"Энцо Фернандестің голы ойын тағдырын түбегейлі өзгертті. Сол кезде ойладым: мына ойын қосымша уақытқа бармайды. Сен Аргентинаға түбегейлі допты беріп қойдың 30 минут көлемінде. 30 минут бердің, мә, білгеніңді істе деп. Ал олардың білетіні осы. Алыстан керемет гол. Ал одан кейінгі Мессидің керемет пасы - шедевр. Оң аяқпен бергеніне де сенбедім. Сонымен енді, 40 жыл бұрыңғы есеп қайталанды", – деді Олжас Байбосын.