Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ермұхамед Мәулен Әлімжан Асқардың бірінші жартылай финалдық жұпта фаворит Франция ма деген сауалына былай жауап қатты:
"Әрине, әрине, Франция фаворит. Дәл біз айтып отырған минустар өте аз ол командада. Практически жоқ десекте болады. Өйткені, орталық алаңы да мықты, опорниктері де күшті. Тек, слабыйлау деген Адриен Рабьо ғана. Әйтпесе, Ману Коне бір өзі жетеді ғой негізі", – деді Ермұхамед Мәулен.