Fonteam YouTube-арнасында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік Ламин Ямалдың ойынына қатысты пікір білдірді:
"Соңғы уақытта Ламин Ямалдың ойынына қатты қанағаттанбай жүр едім. Өйткені, соңғы ойында Португалияға қарсы Нуно Мендеш оны жауап тастаған еді. Ал мына матчта Ламинге көп кеңістік беріліп қойды. Көп еркіндік, көп кеңістік беріп қойды бельгиялықтар. Соның нәтижесінде Ямал бүгін ойқастады. Ямалға ие бола алмағаннан кейін болды екен, әрі қарай қарсыластың қысымына төтеп беру қиын болады", – деді Ерсін Ерік.