Fonteam YouTube-арнасының кезекті шығарылымында әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шолу жасалды.
Подкаст резиденті Ерсін Ерік әлем чемпионатының жартылай финалында кездесетін Франциямен Испания арасындағы матч финалдан да артық матч екенін атап өтті:
"Иә, енді финалдан артық матч болайын деп тұр ертерек. Бірақ, мына жақтан Англия, Норвегия немесе Аргентина шықса да, оңай ойын болмайды", – деді Ерсін Ерік.