«Слован» бапкері: «Жауапты ойында эмоция мен жеңіс үшін ойнау керек»

«Слован» бапкері: «Жауапты ойында эмоция мен жеңіс үшін ойнау керек»
ашық дереккөзден

Словакиялық «Слован» командасының бас бапкерінің көмекшісі Борис Китка Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раунды аясындағы «Қайратқа» қарсы жауапты матч алдындағы баспасөз мәслихатында сөйлеп, алдағы ойынға қатысты ойымен бөлісті.

– Алғашқы кездесумен салыстырғанда біз міндетті түрде қайтаруымыз керек нәрсе – эмоция. Ол бізде мүлде болмады. Футбол онсыз мүмкін емес. Нәтижені өзгерте алмаймыз, бұл – қабылдау керек факт. Өзгертуіміз тиіс жалғыз дүние – біздің көзқарасымыз: алаңға шығып, жеңіске жету және келесі кезеңге өту. Мүмкін, бірінші ойында біз көбірек нәтижеге ойнадық, ал қазір сөз келесі раундқа шығу жайлы болып отыр, – деді Китка.

Оның айтуынша, бастысы – шабуылда белсенді ойнау, бірақ сонымен қатар өте сауатты әрекет ету қажет. – Бұл есеппен жұмыс істеуге болады, бірақ ол қауіпті. «Қайрат» сөзсіз жоспар құрып, бізді таңқалдыруға тырысады, әсіресе өте мықты болып саналатын қарымта шабуылдарда, – деп қосты ол.

Еске сала кетейік, алғашқы матч 6 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Жауапты кездесу 12 тамызда Словакия астанасы Братиславада өтеді.