Алайда ағылшындық клуб бұл трансферге қарсы.
Сауд Арабиясының атақты клубы «Аль-Хилаль» «Ньюкаслдың» шабуылшысы Александер Исақты өз сапына қосу үшін рекордтық трансфер жасауға дайын. As басылымының хабарлауынша, арабтар швед ойыншысы үшін 100 миллион еуродан көп сома ұсынбақ.
Алайда ағылшындық клуб бұл трансферге қарсы. Десе де, «Аль-Хилаль» өз дегенінен қайтар емес – Исақты қатарға қосу жоспарын табандылықпен жүзеге асыруға тырысып отыр.
Еске салайық, швед футболшысы 2022 жылы «Реал Сосьедадтан» «Ньюкаслға» ауысқан. Егер трансфер жүзеге асса, испандық клуб келісімшарт шартына сәйкес жалпы соманың 10 пайызын алады.