Жалпы, Премьер-лигада Исламхан 256 ойын өткізіп, 60 гол соққан.
32 жастағы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен келісімге келуге жақын. Бұл ақпарат расталса, тәжірибелі ойыншы жазғы трансферлік терезеде жаңа командаға қосылмақ.
Исламхан – жамбыл футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын 2010 жылы «Тараздың» екінші құрамында бастаған. 2011 жылы Премьер-лигада негізгі командамен дебют жасап, кейін 50 матчта 6 гол соқты. 2014–2019 жылдар аралығында алматылық «Қайраттың» сапында 169 ойын өткізіп, 50 голдың авторы атанды.
Өткен маусымда Бауыржан шымкенттік «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Ал биыл «Тұран» клубының тізімінде болғанымен, бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Жалпы, Премьер-лигада Исламхан 256 ойын өткізіп, 60 гол соққан. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 300 мың еуро деп бағалап отыр.
Айта кетейік, «Оқжетпес» қазіргі таңда 17 тур қорытындысы бойынша 27 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 5-орында тұр.