Бұл қарсыластармен кездесу үшін «Қайрат» алдымен екінші кезеңдегі қарсыласы – Финляндияның КуПС клубынан өтуі қажет
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алса, келесі айналымда төмендегі үш жұптың жеңімпаздарының біріне қарсы ойнайды:
«Копенгаген» (Дания) – «Дрита» (Косово)
«Линкольн» (Гибралтар) – «Црвена Звезда» (Сербия)
«Слован» (Словакия) – «Зриньски» Мостар (Босния және Герцеговина)
Алайда бұл қарсыластармен кездесу үшін «Қайрат» алдымен екінші кезеңдегі қарсыласы – Финляндияның КуПС клубынан өтуі қажет. Бұл қос ұжым арасындағы алғашқы матч ертең, сағат 20:00-де басталады. Қарымта кездесу 29 шілдеге жоспарланған.
Айта кетейік, «Қайраттың» мүмкін қарсыластары да ертең өз матчтарын өткізеді.