Қазір команда 8 ұпаймен соңғы орында тұр
Қазақстан Премьер-лигасының 17-турындағы күтпеген нәтиже Петропавлда тіркелді. Жергілікті «Қызылжар» өз алаңында турнир кестесінің соңында келе жатқан «Атырауды» қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Матч басында алаң иелері басымдық танытып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен, қонақтар қақпашысы Егор Хаткевич шеберлік танытып, бірнеше рет команданы голдан құтқарып қалды. Ал 18-минутта Ян Труфанов дәл соққымен есеп ашып, «Атырауға» жеңіс сыйлады.
Екінші таймда атыраулықтар бар күшін қорғанысқа жұмылдырып, басымдыққа ие қарсыласына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Осылайша, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
17 матч бойы жеңіске жете алмай жүрген «Атырау» үшін бұл — үлкен серпіліс. Қазір команда 8 ұпаймен соңғы орында тұр. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен 9-сатыға жайғасты.
Матч нәтижесі:
Қызылжар — Атырау 0:1
⚽️ Гол: Труфанов, 18 мин.