«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль үздік ойыншылар тізімін жасады

«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль үздік ойыншылар тізімін жасады
ашық дереккөзден

Жанкүйерлерді қызықтырған тізімде қазіргі және жуық арадағы футбол жұлдыздары ғана бар.

Жас та болса есімі футбол әлемінде кең танылған Ламин Ямаль өзінің «армандағы құрамын» жариялады. Бұл сәт Total Soccer шоуы барысында орын алды. Жанкүйерлерді қызықтырған тізімде қазіргі және жуық арадағы футбол жұлдыздары ғана бар.

Қақпашы ретінде испандық Икер Касильяс таңдалды. Қорғаныс шебінде Дани Алвес, Жерар Пике, Серхио Рамос және Марсело орналасқан.

Ал жартылай қорғау сызығы нағыз жұлдыздармен толыққан: Зинедин Зидан, Роналдиньо, Криштиану Роналду, Неймар және Лионель Месси. Орталық шабуылда – бразилиялық Роналдо.

Айта кетерлік жайт, Ямальдың тізімінде Пеле мен Марадона секілді бұрынғы аңыздар жоқ. Бұл — қазіргі заман футболының жаңа буын өкілі өзінің кумирлерін таңдағанын көрсетсе керек.