Забарный «ПСЖ»-ды қалайды, бірақ «Тоттенхэм» көбірек төлеуге дайын

Забарный «ПСЖ»-ды қалайды, бірақ «Тоттенхэм» көбірек төлеуге дайын
ашық дереккөзден

22 жастағы қорғаушы өткен маусымда Англия Премьер-лигасында 36 ойынға қатысқан

Лондонның «Тоттенхэм» клубы украиналық қорғаушы Илья Забарныйдың трансферіне қызығушылық танытып отыр. Белгілі инсайдер Джанлука ди Марционың хабарлауынша, ағылшын ұжымы футболшы үшін «Борнмут» сұраған 70 миллион еуроны (соның ішінде бонустарды да қоса алғанда) төлеуге дайын.

Алайда, Забарныйдың өзі Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына ауысуға ниетті екені айтылуда. Париждік команда да өз тарапынан 60 миллион еуро көлемінде бірнеше ұсыныс жасағанымен, олар «Борнмут» тарапынан қабылданбаған.

22 жастағы қорғаушы өткен маусымда Англия Премьер-лигасында 36 ойынға қатысқан. Енді оның болашағы қай клубпен байланысты болатыны жақын күндері белгілі болуы мүмкін.