«Ордабасы» Еурокубокпен қоштасты, «Ақтөбе» Конференция лигасында бақ сынауды жалғастырады

«Ордабасы» Еурокубокпен қоштасты, «Ақтөбе» Конференция лигасында бақ сынауды жалғастырады
globalnews.kz

Ақтөбе келесі кезеңде Чехияның «Спарта» клубына қарсы ойнайды.

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын алғашқы іріктеу кезеңінде аяқтады. Қос кездесудің қорытындысы бойынша команда грузиялық «Торпедо Кутаисиге» жол берді.

Алғашқы матч Кутаисиде өтіп, 4:3 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен. Ал Шымкентте өткен жауапты ойында командалар 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, екі ойын нәтижесі бойынша 5:4 есебімен «Торпедо» келесі кезеңге жолдама алды.

Еуропа лигасында ел намысын қорғаған «Ақтөбе» де бірінші кезеңнен әрі аса алмады. Өз алаңында поляктың «Легиясынан» 0:1 есебімен ұтылған команда алғашқы кездесуде де дәл осы нәтижемен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Алайда ақтөбеліктер үшін еуромаусым мұнымен аяқталған жоқ. Команда Еуропа лигасынан Конференция лигасына ауысып, келесі кезеңде Чехияның «Спарта» клубына қарсы ойнайды.