"Манчестер Юнайтед" жазда бес ойыншы алмақ

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.05.26, 05:00
Ағылшынның Манчестер Юнайтед клубы келесі маусым қарсаңында құрамын күшейту үшін кемінде бес жаңа футболшыны сатып алуды жоспарлап отыр.
"Манчестер Юнайтед" жазда бес ойыншы алмақ
Сурет: ашық дереккөздерден

Ағылшынның Манчестер Юнайтед клубы келесі маусым қарсаңында құрамын күшейту үшін кемінде бес жаңа футболшыны сатып алуды жоспарлап отыр. «Қызыл сойқандардың» негізгі мақсаты — үш орталық жартылай қорғаушы, сол жақ қаптал қорғаушысы және қосалқы шабуылшыны қатарға қосу. Бұл туралы The Sun хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, командаға Сенне Ламменсті алмастыра алатын жаңа қақпашы да келуі мүмкін. Сондай-ақ, Манчестер Юнайтед Англия Премьер-лигасында ойнайтын бірнеше футболшыны бақылауда ұстап отыр.

Қазіргі таңда клуб Эллиот Андерсон (Ноттингем Форест), Сандро Тонали (Ньюкасл Юнайтед), Алекс Скотт (Борнмут), Адам Уортон (Кристал Пэлас) және Карлос Балеба (Брайтон) ойыншыларын жіті қадағалап жүр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5