«Лион» түлегі – ҚПЛ туралы: жұлдыздарды шақырған соң, жағдай жасау керек

Автор
Fonteam редактор
Автор
09.05.26, 03:00
«Қайсардың» бұрынғы қорғаушысы, француздық Усман Н’Диайе ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-ға келген жұлдыздардың деңгейі мен олар жаттығатын жағдайдың бір-біріне сай еместігін айтты.
«Лион» түлегі – ҚПЛ туралы: жұлдыздарды шақырған соң, жағдай жасау керек
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қайсардың» бұрынғы қорғаушысы, француздық Усман Н’Диайе ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-ға келген жұлдыздардың деңгейі мен олар жаттығатын жағдайдың бір-біріне сай еместігін айтты.

«Нани мен Мозес сияқты деңгейдегі жұлдыздарды шақырған соң, оларға тиісті жағдай жасау керек. Бұл – ең төменгі талап. Ондай ойыншылар барын салуы үшін оларға топ-инфрақұрылым қажет.

Дамудың ең дұрыс моделі – бұл теңгерім: бірнеше тәжірибелі ментор, жастарды дамытудың нақты бағдарламасы және жергілікті таланттарды бағалайтын саясат. Егер сіз тек мансабы аяқталып қалған жұлдыздарды жинай берсеңіз, қысқа мерзімді имидж ұтасыз, бірақ жаһандық тұрғыда футбол өспейді. Алдымен база мен академиялар салып, содан кейін ғана топ-ойыншыларды шақыру керек», – деді француз футболшысы.

Қысқы трансферлік кезеңде қазақстандық клубтардың сапына бірнеше әлемдік жұлдыз қосылды. Қазіргі таңда Луиш Нани «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде он матч өткізіп, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Ал Виктор Мозес «Қайсар» үшін алты кездесуге қатысып, әлі нәтижелі іс-әрекетімен көзге түсе қойған жоқ.

Франциялық «Лион» клубының түлегі Усман Кардинал Н’Диайе 2021 жылы қызылордалық «Қайсар» сапында өнер көрсетіп, Премьер-лигада 25 матч өткізген. Сондай-ақ қорғаушы тираспольдік «Шерифтегі» ойындарымен де танымал. Қазіргі уақытта Н’Диайе агенттік қызметпен айналысады.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5