«Эстевао кездесуді соншалықты жоғары деңгейде өткізді, Сәтпаевқа оның ойынын ұмыттыру қиын болды. Дегенмен ол жаман ойнаған жоқ – «Челси» тарбиеленушілерінің арасында көзге түсті. Ашығын айтсақ, дубльге қарағанда негізгі құраммен өзіңді көрсету оңайырақ. Дастан гол соғып үлгергендіктен, бойында сенімділік пайда болды.
Қазақстандық футболшының жалға берілетініне сенімдімін. Үлкен ықтималдықпен ол «Страсбурға» кетеді, онда өзі сияқты жас әрі дарынды футболшылармен бірге өседі. Бұл клуб – Еуропадағы карьераны бастау үшін өте тамаша платформа», – деп атап өтті Прусов.
17 жастағы Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы бақылау матчына қатысып, алаңға 70-минутта «Челси» сапындағы жалғыз голдың авторы Эстеваоны алмастырып шықты. Бұған дейін «Қайраттың» түлегі австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» қақпасына (6:4) гол соққан болатын.
«Страсбур» – Франция чемпионатының командасы. 2023 жылдың жазында Тодд Боэли бастаған BlueCo консорциумы бұл клубты сатып алғаннан кейін, ол іс жүзінде «Челсидің» фарм-клубы рөлін атқарып келеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.