«Челси» өз шабуылшысын 40£ млн-ға сатпақ – бұл Дастан Сәтпаевқа мүмкіндік аша ма?

Автор
Fonteam редактор
Автор
31.07.26, 10:38
Лондондық «Челси» 23 жастағы шабуылшысы Лиам Делапты осы жазда сатуға дайын. CaughtOffside және iNews басылымдарының мәліметінше, «көктер» футболшыны 40 миллион фунт стерлингке бағалап отыр.
«Челси» өз шабуылшысын 40£ млн-ға сатпақ – бұл Дастан Сәтпаевқа мүмкіндік аша ма?
Дастан Сәтпаев. Фото: "Челси" ФК

Оны «Ноттингем Форесттің» жаңа бас бапкері Оливер Гласнер өз командасында көргісі келеді. Сонымен қатар, форвардқа «Лидс Юнайтед», «Эвертон» және «Манчестер Юнайтед» клубтары қызығушылық танытуда.

Делаптың сәтсіз маусымы

Делап өткен маусымда «Ипсвич Тауннан» ауысқанымен, «Стэмфорд Бриджде» өзін көрсете алмады. АПЛ-дың 28 матчында бары-жоғы бір гол соққан шабуылшы лондондық клубтың сенімін ақтамады. Осыған байланысты «Челсидің» бапкерлік штабы Дэнни Уэлбек сияқты тәжірибелі ойыншыларды қарастырып, Делапты жіберу туралы шешім қабылдаған.

Жанкүйерлер не дейді: Сәтпаевқа жол ашыла ма?

Бұл жаңалық лондондық клуб жанкүйерлері арасында қызу талқылануда. Танымал форумдар мен әлеуметтік желілерде жанкүйерлер Делаптың, сондай-ақ Марк Гиу немесе Николас Джексонның кеткені «Челси» академиясы мен жастар жүйесіндегі талантты футболшыларға жол ашатынын айтуда.

Солардың бірі – лондондықтардың назарына ілігіп, жанкүйерлер аузында жүрген қазақстандық Дастан Сәтпаев. Мета-талқылауларда жанкүйерлер Сәтпаев сияқты жас әрі потенциалы жоғары шабуылшыларға негізгі құрамнан орын босату керек екенін жарыса жазуда.

«Делаптың «Стэмфорд Бриджде» жолы болмады, оның кеткені өзіне де дұрыс. Гиу мен Джексонға да орын босату керек, себебі бізде Дастан сияқты жас әрі талантты ойыншылар өсіп келеді», – деп жазды бір жанкүйер.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Челсидің» Аустралиядағы маусымалды турнесі аясында «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, дебют жасаған болатын.

Қазақстандық футболшы ойынның 6-минутында-ақ Райан Кавума-Маккуиннің нәтижелі пасынан кейін қақпашымен бірге-бір шығып, «көктер» сапындағы алғашқы голын соқты.

Лондондық клуб жанкүйерлері жас футболшының ойынына тәнті болып, әлеуметтік желілерде таңданыстарын білдірді. Ал Сәтпаевтың алғашқы голы түсірілген видео «Челсидің» ресми парақшаларында соңғы жылдары ең көп қаралым жинаған медиа-посттардың біріне айналды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

31.07.26, 10:38

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
45
2
Ордабасы
43
3
Астана
32
4
Ақтөбе
31
5
Оқжетпес
30
6
Елімай
29
7
Ұлытау
27
8
Тобыл
22
9
Жеңіс
22
10
Каспий Ақтау
21
11
Қайсар
20
12
Қызылжар
19
13
Атырау
18
14
Жетісу
18
15
Алтай
16
16
Ертіс
14