«Тобылда» жұмыс істеу – керемет»: Ромащенко – «Паневежиспен» ойын, Тағыберген және шабуылдағы қиыншылықтар туралы

Автор
Алихан Ибраев
Автор
31.07.26, 04:00
«Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко ASnews.kz басылымына берген сұхбатында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында литвалық «Паневежисті» жеңуіне (1:1, пенальти бойынша 3:2) қатысты пікір білдірді.
«Тобылда» жұмыс істеу – керемет»: Ромащенко – «Паневежиспен» ойын, Тағыберген және шабуылдағы қиыншылықтар туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Неліктен шабуылшылар тебетін жерде пас береді: жауапкершіліктен қорқа ма?

«Менің айтқым келетіні де осы – кейбір ойыншыларға соңғы фазада орындаушылық шеберлік жетіспейді. Гол соғатын мүмкіндіктер болады, бірақ салқынқандылық пен өзіне деген сенімділік жоқ. Бұған көптеген факторлар әсер етеді, оның бірі – шаршау. Мидың сергек болмауы да сеп болады...

Жақында қатарымызға жаңа футболшы қосылады деп үміттенеміз. Бәсекелестік сәл де болса артқанда, жігіттер өзіне басқаша қарай бастайды», – деді 52 жастағы бапкер.

Миловановичсіз қалай ойнау керек?

«Бұл жолы біз шабуыл шебін өзгертіп, «жалған шабуылшылармен» ойнап көрмекші болдық. Бұл рөлде белгілі бір сәттерде Талал мен Чесноков өнер көрсетті, кейіннен шабуыл шебіне Герра шықты. Осылайша жаңа комбинациялар тауып, қарсыласты таң қалдырғымыз келді, өйткені бұл ойыншылардың барлығы әртүрлі стильде ойнайды.

Луис – жылдамдау, Ислам жеке шеберлігімен мықты, ал Амин тереңнен әрекет ете алады. Бірақ жарақаттарға байланысты бәрі бірдей сәтті шыға бермейді. Жылап отырған жоқпыз, жай ғана фактті айтып жатырмыз.

Мүмкіндіктердің, 100 пайыздық сәттердің болғаны қуантады. Егер олар мүлдем болмаса, жағдайымыз әлдеқайда жаман болар еді. Үзілістен кейін мен жігіттерге ҚПЛ-дың өткен матчынан кейін айтқанымды қайталадым: бізге соңғы сәтте сабырлылық қажет. Асығыстықты қою керек».

35 жастағы капитанға айтылған сын қаншалықты орынды?

«Ашығын әрі шын жүректен айтайын: мен қолда бар барлық ойыншыларға толықтай ризамын. Олармен жаттығу жұмыстары мен жеке әңгімелер маған рахат сезімін сыйлайды.

Тағыберген – бапкерлер штабы мен команда арасындағы дәнекер. Біз жиі кездесіп, оңаша сөйлесеміз. Оған ешқандай өкпе-назым жоқ – тек мақтауға лайық. Біз клубты ең үздік бабында қабылдаған жоқпыз, ал іргетассыз бірдеңе тұрғызу қиын болды, бірақ Асхаттың шыдамы мен түсіністігі өте жоғары деңгейде екен.

Шыдап, шеберлігін шыңдағысы келетіндері үшін барлығына алғыс айтамын. Ең бастысы – осы. Ал бізге – соның ішінде Асхаттың өзіне де – белгілі бір қасиеттердің жетіспейтінін өзіміз де білеміз», – деп қосты Ромащенко.

Негізгі уақытта «Паневежис» қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы – Амин Талал. Ал қақпашы Данил Устименко пенальти сериясында екі соққыны қайтарды.

Еурокубоктың келесі раундында қостанайлық клуб люксембургтік «УНА Штрассенді» жеңген (жалпы есеп 5:0) сербиялық «Партизанға» қарсы ойнайды.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

31.07.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
45
2
Ордабасы
43
3
Астана
32
4
Ақтөбе
31
5
Оқжетпес
30
6
Елімай
29
7
Ұлытау
27
8
Тобыл
22
9
Жеңіс
22
10
Каспий Ақтау
21
11
Қайсар
20
12
Қызылжар
19
13
Атырау
18
14
Жетісу
18
15
Алтай
16
16
Ертіс
14