18 күнде 5 ойын: «Тобылға» қиын ба?
«Бапкерлер штабы үшін ойыншылардың назарын тығыз кестеге аудара беру – жақсы идея емес. Мұндай әңгімеден әдейі қашамыз. Футболшыларымыздың бәрі – қандай жағдайға тап болғанын түсінетін кәсіпқойлар. Қалпына келуге деген қарым-қатынас пен жаттығу процесіндегі жұмыс жігіттердің зейінінде ешқандай мәселе жоқ екенін көрсетеді.
Иә, оңай емес, бірақ біз шағымданбаймыз. Керісінше, кез келген футболшы үшін жаттыққаннан гөрі ойнаған артық. Бірақ ротация жетіспейді – жарақат алған екі ойыншымыз бар. Дегенмен бәрі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарайды.
Еурокубок матчтарында бірінші орынға мотивация шығуы тиіс. Бәрі де өзін көрсеткісі келеді. Бұл тек клуб үшін емес, бүкіл ел үшін де беделді мәселе», – деді Ромащенко.
Қостанайлықтар дағдылы стилінен тана ма?
«Алаң иесі екенімізді түсінеміз. Алғашқы кездесуге дейін де қарсыластың ойын құрылымы мен әрекетін білетінбіз, ал қазір сараптамамыз тіпті тереңдей түсті. Жоспарымыз бар, ойыналды жаттығуда қайталайтын бірқатар сәттер бар.
Сонымен бірге алаңға «біздің қорғанысымыз – шабуыл» деген ұранмен шығуға болмайды. Ойынды ширықтырған кезде қорғанысты да ұмытпаған жөн, бірақ толығымен кейін шегінсек, бұл «Тобылға» ұқсамай қалады. Қарсыласты тығырыққа тіреп, жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлауға тырысамыз. Ешкім де артта жатып алмайды – бұл анық».
Бусурмановтың жағдайы:
«Кудайға шүкір, бәрі аман-есен. Басында Сұлтанның жарақаты ауырлау сияқты көрінген, бірақ біздің медициналық штаб та, алаңдағы қызмет те жедел ем-дом шараларын жүргізді. Кеше ол алғаш рет 50% күшпен жаттықты, сондықтан тағы бір аптадан соң қақпашымыз сапқа қосылады.
Жарақаттар – ойынның бір бөлігі. Ең өкініштісі, біздегі жарақаттар бұлшықеттік емес, соқтығысу салдарынан болған. Bіреуі тобығын тайдырып алса, екіншісі соққыдан тізесін жарақаттады. Бірақ футболшылардың бойындағы бар күшін салып жатқанына қуаныштымын.
Мысалы, Жага (Жагоров) алғашқы ойын алдында ойнаған жоқ еді, бірақ мінезінің арқасында командаға пайдасын тигізуге тырысты», – деп қосты 52 жастағы маман.
Литвадағы алғашқы кездесу тең есеппен (1:1) аяқталған болатын. «Тобыл» сапындағы жалғыз голдың авторы черногориялық қорғанысшы Неманья Кавнич атанды.
«Тобыл» сияқты «Паневежис» те өз чемпионатының турнирлік кестесінде сегізінші орында келеді. Келесі кезеңде бұл жұптың жеңімпазы сербиялық «Партизан» немесе люксембургтік «УНА Штрассен» ұжымдарының бірімен кездеседі (алғашқы матч сербиялық клубтың пайдасына 4:0 есебімен тәмәмдалды).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.